ҚХР Елшісі Чжан Сяо жаңа 2021 жылға арналған құттықтау тілегі
2021-01-01 19:18

Достар, өтіп бара жатқан 2020 жыл бұрын-соңды болмаған ерекше жыл болды. Бүкіл әлемді дүрліктірген коронавирус эпидемиясы жер бетінде өршіп, адамдардың өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндірді. «Нағыз дос- қиындықта табылады», екі ел басшыларының бір-біріне көрсеткен қамқорлығы мен көмегінің арқасында, Қытай мен Қазақстан бірлесіп қиындықтарды жеңіп, эпидемияға қарсы күресте халықаралық ынтымақтастық моделін құра отырып, қытай-қазақ «эпидемияға қарсы бекінісін» сәтті орнатты.

2020 жыл қос тарап үшін эпидемияның жағымсыз салдарын еңсеріп, прагматикалық, ынтымақтастық, мәдени қарым-қатынастар орнатуда жемісті жыл болды. Қытай мен Қазақстан арасындағы екіжақты сауда көлемі мен инвестициялары үрдіске сай өсіп, негізгі ынтымақтастық жобалары тұрақты түрде алға басты; «Темір түйе керуені» беделіне ие Қытай-Еуропа экспресі көлемі тоқтаусыз ұлғаюда; «Бір белдеу - бір жол» тоқтаусыз жалындауда; Екі ел медициналық және денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты нығайтты, ал қытайлық медициналық сарапшылар тобы эпидемиямен күресу үшін Қазақстанға аттанып, екіжақты қатынастардың жандауына үлкен негіз тудырды; Екі ел халқы әлеуметтік желілер арқылы өзара жігерлендіріп, эпидемияға қарсы құрал жабдықтарды көп мөлшерде сыйға тартып, қытай-қазақстан достығы тарихында үлкен із қалдырды; «Бәрі жақсы» және «Жақсы өмір» сияқты қытайлық фильмдер мен телехикаялар үйде эпидемиямен күрестегі қазақстандықтар үшін жаңа сенім мен қызығушылық оятты.

2021 жылдың қарсаңында Қытай мен Қазақстан эпидемиядан кейінгі дәуірде жүйелі түрде жан-жақты ынтымақтастықты бастайды, «Бір белдеу, бір жол» бастамасын және Қазақстанның «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясатын бірлесіп құруды жалғастырады, сондай-ақ денсаулық сақтау медицинасы, цифрлық экономика саласындағы транзиттік трафикті тереңдетеді, гуманитарлық және ынтымақтастықтың басқа да салаларын бірлесіп «денсаулық жібек жолын», «цифрлық жібек жолын» жасайды және өзара тиімді ынтымақтастықтың жаңа жағдайын жасауға ұмтылады.

Достар, Қытай мен Қазақстан достас көршілер, ал екі елдің достығы мызғымас. Біз Қазақстандағы достарымызбен бірге Қытай мен Қазақстан арасындағы тұрақты және жан-жақты стратегиялық серіктестікті жаңа деңгейге шығаруға және жалпы адамзат тағдырының қауымдастығын құруға үлкен үлес қосуға дайынбыз!

Соңында баршаңызды жаңа жылмен құттықтаймын, зор денсаулық пен жақсылық тілеймін!

реконмендовать другому
  печать